Бүгіннен бастап қазақстандық жүргізушілер жолға тек жеке куәлігін ғана алып шығуға құқылы, деп хабарлайды «Хабар 24».
21 қаңтарда Парламенттің жоғарғы палатасы қабылдаған тиісті Заңға сәйкес жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы құжатты өзіңізбен бірге алып жүру міндетті емес. Жол сақшылары автокөлік иесінің жеке куәлігі деректерін арнайы планшетке енгізу арқылы электрондық базадағы қажетті құжаттарын тексере алады.