Алматы тауларында блок-бекеттер орнатылды

Әзірге Шымбұлақтың жоғары тұсында, үлкен Алматы өзені маңындағы Аюсай шатқалына қарай өтуге тыйым салынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық төтенше жағдайлар қызметі бұған құтқарушылардың жарылыс ұйымдастыруы себеп дейді. Көшкін жүрудің алдын алу мақсатында олар тау шатқалынан 5 мың текше метр қар түсірген.

Кеңесжан Күнесбай, «Қазселденқорғау» ММ Алматы қаласы бойынша басқарма басшысының орынбасары:

– 11 ақпан күні қар қалың жауғанға байланысты үлкен және кіші Алматы шатқалдарында жаяу жүргіншілерге және қала демалушыларына жолдар жабық. Дүйсенбі, яғни 15-не дейін жол жабық болуы ықтимал. Ауа райына қарап тағы да айтамыз.