427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда алғаш рет мұрынға эндоскопиялық операция жасалды

  • 453
  • UPD: 20:32, 13.02.2021

Талдықорғанда алғаш рет тынысы тарылған науқастың мұрнына эндоскопиялық операция жасалды. Бұған дейін мұндай диагноз қойылғандар Алматыдағы медициналық институттарға жіберілетін.

Енді олар алысқа сабылмай облыс орталығындағы көп салалы ауруханада емделе алады. Ол үшін мекемеде арнайы ЛОР орталығы ашылды. Оған 60 млн теңгенің арнайы құрылғысы және өзге де керек-жарақтар әкелінді. Бас қаладан шақыртылған жоғарғы санатты білікті дәрігер енді құлақ, мұрын, көмей ауруларының 12 түріне хирургиялық операция жасайды. 

Жұмахан Молдақұлов, қалалық көп салалы аурухананың директоры:

- Ерекшелігі біріншіден, мұрын кесілмейді. Эндоскопиялық аппарат арқылы малоинвозертир дейді және де үлкен травма болмайды. Дем алысы, тынысы тез орнына келеді. Құлақ операциясы да микрохирургиялық операция болғасын слухоулучающий басқа да операция құлаққа жасалады. Аз травмамен жасалады. Бұл қазіргі деңгейдегі биік операция саналады.

Хабар 24 телеарнасы