419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында сотталушының арыз-шағымы онлайн түрде қабылданады

  • 94
  • UPD: 11:26, 14.02.2021

Маңғыстау облысында түзеу мекемелерінде отырғандардың адам құқығы жөніндегі ұйымға, өзге де мемлекеттік органдарға өтініш-шағымы онлайн түрде қабылдана бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шалғай өңірде қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты төрт түрме бар. Соның үшеуінде жазасын өтеушілерге сервистік қызмет көрсететін терминалдар қойылды. Электронды құрылғы жазасын өтеушіні жеке сәйкестендіру номерінен бөлек, саусақ таңбаларынан да анықтай алады. Сканерлеуді аяқтаған соң терминал сотталушының арызын қабылдап, арнайы талон береді. Ең бастысы, мұнда келтірілген мәліметтердің құпиялығы сақталады.

Нұрбол Садабаев, жазасын өтеуші:

- Бұл терминалды қойғаны өте үлкен көмек беріп жатыр сотталған азаматтарға. Өйткені біз мына жерде мемлекеттік қызметкерлердің уақытын аламыз. Өзіміздің де уақытымыз кетеді. Біздерді қай судья алды, қай уақытта қаралады. Қашан қаралатынын алдын ала біліп отырамыз.

Жасталап Басаров, Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы:

- Шартты түрдегі мерзімінен бұрын босату, жазаны жеңілдету жағдайына ауыстыру және де басқа да арыз-шағымдарын беруге құқылы сотталғандар мен тергеу қамауындағылар. Қазіргі таңда облыстық қылмыстық-атқару жүйесін 1060-тан астам сотталған жазасын өтеуде. Оның ішінде былтырғы кезеңде 1754 шағымдар мен арыздар тіркелген болатын.

 

Хабар 24 телеарнасы