424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада заңсыз ойын ұйымдастырушыларға қатысты сот үкімі шықты

  • 333
  • UPD: 11:57, 15.02.2021

Қызылордада заңсыз ойынға қатысты үш іс бойынша сот үкімі шықты.

Аталған заңсыздықтарды 2020 жылдың қазан-қараша айларында Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері анықтап, тергеу барысында қылмыстары толық дәлелденген болатын.

Қызылорда қаласының 36 және 24 жастағы екі тұрғыны өткен жылдың жазында ойын кеңселерін ашқан. Яғни, ғимараттарды жалға алып, біріншісі 6, екіншісі 15 компьютерге ғаламтор желісі арқылы ақшалай бәс тігу жолымен ойналатын интернет-казино құмар ойындарын іске қосқан. Компьютерлер жадында сақталған бірнеше бағдарламалар мен төлем жүйесіне сілтемелерді криминалист маман қорытындысы анықтаған.

Шиелі ауданы Шиелі кентінде 1987 жылғы отбасылы азамат та дәл осындай мақсатта интернет-казино ашқан.

Қызылорда қалалық №2 соты және Шиелі аудандық соты үш азаматты да ҚР ҚК 307-бабы 1-б. сәйкес кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Қылмыс орнынан алынған 25 компьютер процессоры, 29 монитор, 3 модем және 35520 теңге ақша мемлекет пайдасына алынды.

Ақпарат көзі: Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы