Алматыда шектеу шаралары жеңілдетілді

Эпидахуалы жақсарған Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді. Қаланың бас санитарының жаңа қаулысымен, сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің жексенбі күні жұмыс істеуіне рұқсат етілді.

Азық-түлік және басқа да жабық базарларға жұмыс күндері және демалыс күндері толтырылуы 30 проценттен аспаған жағдайда барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып жұмыс істеуіне болады.

Сондай-ақ жаңа қаулыға сәйкес, қоғамдық тамақтану орындары таңғы сағат 07:00-ден түнгі 12:00-ге дейін адамдарды қабылдай алады. Алайда ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Сонымен қатар көрермендер саны залдың 30 процентінен аспайтын кезде театрлардың, кинотеатрлардың қызметіне рұқсат етілді. 

Жандарбек  Бекшин,  қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

- Қазіргі таңда 80-нен астам және 110 оқиғаға дейін осынадай тәулікте аурушаңдық тіркелуде қалада. Бұл осы аурушаңдық бізде матрица дейміз, эпидемиологиялық жағдайды бағалайтын, сол матрица бойынша біз қазір жасыл аймақта екі аптадай орналасып, қала сол жерде тұр. Бұның себебіқазіргі таңда бізде жұқтыру коэффициенті 1-ден төмен.