Қазақстанда бір аптада 3506 қылмыс жасалған

Елімізде бір аптада 3500-ден астам қылмыс жасалды. Бұл туралы брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

Ораздың айтуынша, полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде қылмыс жасағандардың жартысынан көбін, нақты айтсақ 2322 күдіктіні анықтаған. Сақшылар кісі өліміне қатысты 10, ал өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіруге қатысты 1 деректі ізін суытпай ашқан. Бұдан бөлек өткен 7 күнде 500-ден астам қарақшылық, тонау және бөтеннің мүлкін ұрлау сынды заңға қайшы әрекеттер тіркелген. Сондай-ақ жыл басынан бері интернет алаяқтық деректері де көбейген. Қаңтар айында мұндай 1700 қылмыс жасалыпты.

Еске салайық, былтыр елде 14 мыңнан астам киберқылмыс жасалған.