419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында жетімдердің ақысын жегендердің ісі тергеліп жатыр

  • 89
  • UPD: 15:30, 15.02.2021
Алматы облысында жетімдердің ақысын жегендердің ісі тергеліп жатыр

Алматы облысына қарасты №1 балалар үйінің басшылары жетімдердің ақысын талан-таражға салған.

Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, мемлекеттік мекеме басшылары балаларға арналған қаражатты жеке пайдасына жаратып келіпті. Аталған факті бойынша өткен жылы ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабы, яғни тапсырылған мүлікті жымқыру бойынша іс қозғалып, тағы бір қылмыстық іс қосылған. Әзірге жетімдердің жем болған ақысының көлемі белгісіз.

Жақсылық Мырзахан, экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі:

- Ең бірінші жымқыру дерегі бойынша 2020 жылы басталған дерек болатын күз айларында. Кейіннен тергеу амалдарын жүргізу барысында, яғни бұл балалар үйінің қызметкерлерінің дұрыс жұмыс істемегендігі анықталу себебінен ҚР ҚК 371-бабы яғни, немқұрайлық бабымен осы балалар үйінің директорына қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.

Хабар 24 телеарнасы