Елбасы Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті ақын Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter парақшасында хабарлады.

«Нұрсұлтан Назарбаев оның қазақ поэзиясының дамуына сүбелі үлес қосқанын атап өтіп, ақынның жарқын бейнесі мен өнегелі ғұмыры ел жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді», - деп жазды.

Ақын Шөмішбай Сариев дүниеден озды