Елімізде пандемия кезінде қылмыс саны 30%-ке азайды

Пандемия кезінде елімізде қылмыстық іс-әрекеттердің саны 30%-ке азайды.

Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы прокуратуралар басшыларының қатысуымен өткен кеңесте айтылды. Жиын бейнебайланыс режимінде өтті. Онлайн басқосудың алдында  Мемлекет басшысына «Электронды қылмыстық іс», «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай реестрі», «Субъектілер мен объектілерді тексерудің бірыңғай реестрі», «Электронды арыз-шағымдар» және «Аналитикалық орталық» сияқты цифрлық жобалар ұсынылды. Президентке прокурорлардың сотқа дейінгі тергеу амалдары бойынша кейбір органдардың шешімдерімен онлайн-режимде келісу үдерісі таныстырылды. Президент халықтың сенімі мен азаматтардың құны басты өлшем екеніне тоқталып, осы саладағы реформалар қарқынды жүргізіле беретінін айтты.