419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екібастұзда баланы қауып алған иттің иесі 200 мың теңге төлейтін болды

  • 106
  • UPD: 18:58, 15.02.2021
Екібастұзда баланы қауып алған иттің иесі 200 мың теңге төлейтін болды фото: pavlodarnews.kz

Екібастұз қалалық соты моральдік зиянды өтеу туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«Сот ісі бойынша 2020 жылдың тамызында тұрғын үйдің ауласында осы үйдің тұрғынының иті талапкердің 11 жасар ұлын тістеген. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес баланың денсаулығына жеңіл зиян келтірілген. Екібастұз қаласы полиция басқармасының қаулысымен жауапкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - дейді облыстық соттың баспасөз қызметінде.

Сот отырысында тараптар татуласып, медиативтік келісім жасасты. Оның талаптары бойынша талапкер талап қоюдан бас тартса, жауапкер талапкерге 200 мың теңге моральдік зиян төлеуге міндеттелді.

Хабар 24 телеарнасы