«Спутник V» вакцинасын тіркеу жұмыстары толығымен аяқталды

Коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын тіркеу жұмыстары толығымен аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екпенің қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының мамандары жан-жақты тексеріп, қорытынды жасаған. Бірер күнде арнайы сертификат беріледі. Қазақстан бұл вакцинаны қолдануды мақұлдаған әлемдегі 27-ші мемлекет болып отыр. Енді екпенің алғашқы 90 мың дозасы ақпан айында Қарағандыдағы фармацевтикалық кешенде өндіріледі. Мамырға дейін шамамен 2 миллион дана шығарылады.

Сондай-ақ...