417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында коронавирус балалар арасында тез тарап жатыр

  • 115
  • UPD: 20:15, 15.02.2021
Ақмола облысында коронавирус балалар арасында тез тарап жатыр

Өткен тәулікте осындай 11 дерек тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індет басталғалы ауырған бала саны 1283-ке жетті. Бас санитар дәрігердің қаулысымен қауіпті кесел табылған 72 мектеп карантинге жабылған. Ақмола облысы вирус жұқтыру ықтималдығы жоғары аймақ санатында. Кейінгі тәулікте індеттің таралу қарқыны 2 есе бәсеңдеп, аймақ «қызылдан» «сары» түске өзгерді. «Дегенмен, бұл арқаны кеңге салу деген сөз емес», - дейді мамандар. Әзірге аймақта қатаң карантиндік шектеулер сақталады.

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитар дәрігері:

- Өңірде эпидемиологиялық  жағдай әлі де тұрақсыз.  Күн сайын 70-тен астам науқас тіркеледі. Ал вирустық пневмониямен ауыру тәулігіне 10 адамға жетті. Осы айда балалар арасында дертке шалдыққандар артты. Күн сайын 30-дан астам науқас анықталған кездер болды. Осы аптадан бастап білім ұялары біртіндеп штаттық режимге көшеді. Ал қайталап ауыру дерегі тіркелген 6 мектептің оқушылары әзірге үйден оқи береді.

Хабар 24 телеарнасы