15 ақпан – Халықаралық қатерлі ісікке шалдыққан балалар күні

15 ақпан – обыр ауруына шалдыққан балалар күні.

Бүгін Алматыдағы «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» жанындағы Балалар онкологиясы орталығында қатерлі ісікпен ауыратын жеткіншектердің көңілін сергіту мақсатында түрлі мәдени іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Тиімді ем-доммен қатар психологиялық тұрғыдағы көмек те науқастар үшін үлкен демеу» - дейді мамандар. Өкінішке қарай елімізде обыр ауруына шалдыққан жас балалардың саны азаймай тұр. «Жылына 600-ге жуық баладан қатерлі ісік анықталады», - дейді орталық дәрігерлері. 

Қарлығаш Тоқмолдаева, Балалар онкологиясы орталығының бөлім меңгерушісі:

- Біздің бөлімше 20 орындық. Қазіргі таңда 10 науқас ем алып жатыр. Жылына 200-ден аса бала ем алып кетеді. Негізгі емнің түрі сәуле және химия сәулесі емі жүргізіледі. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келеді.