Коронавирус жұқтырған 255 адамның жағдайы ауыр

16 ақпандағы мәлімет бойынша 22 733 адам короновирус инфекциясынан (14 113 КВИ+ және 8 620 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 5 090 пациент стационарда, 17 643 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандар арасында:
• 255 адамның жағдайы ауыр;
• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.