Павлодарда екі жасар бала мен анасы жоғалып кетті

Павлодарда екі жасар бала мен анасы жоғалып кетті

11 ақпан күні жас келіншек баласын алып, Вс.Иванов көшесі, 71 мекенжайдағы үйден шығып кеткен, деп хабарлады Pavlodarnews.kz «Поисковики города Павлодара Vita» ҚБ-ге сілтеме жасап.

Оның қайда бет алғаны әлі ешкімге белгісіз.

«Разия Крутько орта денелі, шашы қара, көзі қоңыр, бойы шамамен 170 сантиметр. Көздерін сәл қысатын әдеті бар», - деп атап өтті еріктілер.

Үйден шыққан күні ол капюшоны бар қара күрте, сұр снут және қара етік киген. Қолына қара көк түсті сөмкесін алып шыққан. 

Жас ананың екі жасар ұлы Тимур сұр және қызыл түсті комбинезон мен көк түсті бас киім киіп шыққан.

Еріктілер жоғалғандар туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 немесе 87474 615 55 63, 8 777 334 82 01 телефондары арқылы хабарлауды сұрайды.