Қаңтар айында 800 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген

Барлық өңірде үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты. Әсіресе, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласында көрсеткіш жоғары. Жалпы, ел бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру 7 процентке өскен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,4 процентке артық. Өткен айда құрылысқа тартылған инвестиция көлемі 2,3 есеге көбейген. Биыл елде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады деп жоспарланған.