«L-Капитал» компаниясының негізін қалаушы ұсталды

Алматы полицейлері «L-Капитал» компаниясының негізін қалаушыны ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы қаласының ПД Тергеу басқармасының мәліметтері бойынша жедел-іздестіру шаралары барысында 1962 жылы туған азаматша ұсталды. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Аталған компанияның салымшыларының ұжымдық мәлімдемелеріне сәйкес ҚР ҚК-нің 217-бабының 3-бөлігі (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын бұрын хабарлаған едік. Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды. Компанияның кеңселерінде санкцияланған тінтулер жүргізілді. Толықтық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттерінің кешені барысында мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 50 адам жәбірленуші ретінде танылған», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.