419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Петр Нефедовтің жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

  • 92
  • UPD: 14:23, 16.02.2021
Елбасы Петр Нефедовтің жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Петр Нефедовтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекет қайраткері Петр Нефедовтің өмірден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады, деп хабарлады elbasy.kz.

«Қарапайым кеншіден бастап еліміздің өнеркәсіптік өңірі Қарағанды облысының басшысы қызметіне дейінгі еңбек жолында ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосты.

Ол әрдайым өндірістегі бай тәжірибесімен және білімімен, жоғары кәсібилігімен әрі ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленетін. Петр Петрович Нефедовтің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде сақталады», – делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы