Нұр-Сұлтанда біреулер сиырды ғимараттың үстіне кранмен көтеріп шығарған

Нұр-Сұлтанда жұмысшылар тірі сиырды жаңадан салынып жатқан ғимарат басына кранмен көтеріп шығарды, деп хабарлады zakon.kz.

Видео әлеуметтік желідегі парақшаларда жарияланды.

Желі қолданушылары жұмысшылар осылай төбеге шығарған сиырды жоғарыда сойып алмақшы шығар деген болжам жасады. Көпшілігі мұны жабайылыққа, жануарды қорлауға балады.

Елордалық полиция бұл оқиғаға қатыстылар сот алдында жауап беретінін атап өтті.

«Бұл факт тексеріліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы нақтыланғаннан кейін оған заңды тұрғыда баға беріледі. Тәртіп бұзушы жауапкершілікке тартылады», - деп түсіндірді полициядағылар.