417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шекарадан есірткі алып өтпек болған Маңғыстау облысының тұрғыны ұсталды

  • 153
  • UPD: 15:56, 16.02.2021
Шекарадан есірткі алып өтпек болған Маңғыстау облысының тұрғыны ұсталды

«Климинтина» атты қызметтік ит шекарадан есірткі алып өтпек болған Маңғыстау облысының тұрғынын анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-не ҚР ҰҚК Шекара қызметі Сарыағаш аудандық басқармасының «Жібек жолы» шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түскен.

Онда «Климинтина» атты қызметік ит ҚР-нан Өзбекстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жүргіншіні көріп белгі береді. Полицейлер күдік тудырған азаматты байқап тексерді. Тексеру барысында күдікті азаматтың шалбарының артқы қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылды. Алынған затты полицейлер сараптамаға жолдады.

Осы оқиға бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеді. Сараптамада көрсетілген нәтиже оның жеті грамнан аса салмағы бар кептірілген «марихуана» екендігі белгілі болды. Сондай-ақ 40 жастағы азаматтың Маңғыстау облысының тұрғыны екені анықталды. Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы