Сиырды үй төбесіне кранмен көтерген: нысан басшысы кешірім сұрады

Елордада салынып жатқан үйдің төбесіне сиырды кранмен көтерген азаматтар кешірім сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрылысшылардың айтуынша, олар бұл сиырды құрбандыққа шалып, оның етін мұқтаж жандарға таратқысы келген. Бұл оқиға кеше таңғы 11 жарымда болған. Құрылысшылардың теріс әрекеті түсірілген бейнеролик әлеуметтік желі қолданушылары арасында наразылық туғызды. Тәртіп сақшылары тексеріс жүргізіп, бұл іске қатысы бар тұлғаларды түгел анықтаған. Енді олар заңға сәйкес жазаға тартылады.

Олжас Есеналин, құрылысшы:

– Осы оқиға қатысты қоғамнан кешірім сұраймын. Ниетіміз адал болды. Бұл құрбандық болатын, етін әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға таратуды көздегенбіз.

Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер сиырды үй төбесіне кранмен көтергені хабарланды.