Атырау облысында вакциналаудың бірінші кезеңі аяқталды

Атырау облысында вакциналау науқанының алғашқы кезеңі аяқталды. Мұнайлы өңірде 998 адам екпе салдырған.

Ең алдымен вакцинаны медицина қызметкерлері алды. Кейін мемлекеттік қызметкерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық сала мамандары алыпты. Облыс орталығында барлығы 725 адам, аудандарда 273 тұрғын вакцина салдырды. Қазір екпе салудың екінші кезеңіне дайындық жүріп жатыр.

Айнұр Тілемісова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы:

- Мемлекеттік қызметкерлерден 9, санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлерден 35 адам алынды. Қазір ешкімде ауырсыну, температура, ондай жанама әсерлер ешкімде болған жоқ. 22 ақпанда екінші кезеңді бастаймыз.