Жолды күтіп ұстауға жауапты мердігерге 74 млн теңге айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облысында республикалық жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына жауапты мердігер кәсіпорынға 74 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

«ҚазАвтоЖол» филиалы басшылығының айтуынша, бұған мердігер мекеменің қаңтар айында өз жұмысын тиісті деңгейде атқармауы себеп болған. Аталған мекеме Самара-Шымкент тас жолының Ресей шекарасына дейінгі аумағына күнделікті күтіп ұстау жұмыстарын жүргізеді. Аймақта ауа райының күрт өзгеруі салдарынан жол тазалау жұмыстарында қиындық туындағаны рас. Қазіргі таңда жолдың аталған бөлігінде 6 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.     

Әділ Исатаев, мердігер кәсіпорын директоры:

- Жолды күтіп ұстау ережесіне сай біз көктайғақты 6 сағаттың ішінде жоюға міндеттіміз. Бұл жұмыстарды тәулік бойы атқарамыз, техникамыз күндіз-түні жұмысын тоқтатпайды. Жұмысшылардың барлығы жол бойынан табылып өз қызметтерін атқарады. Облыс аумағынан өтетін жүргізушілерге қолайлы жағдай туғызу мақсатында жолдардың барлық бөлігінде патрульдік бақылау ұйымдастырдық.  

Елдар Садық, «Қазавтожол» АҚ ҰК БҚО филиалы директорының м. а.:

- 14 ақпан күні 2021 жылы осы БҚО-да  республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында  боран салдарынан көктайғақ мұз пайда болды. Сол себепті «ҚАЗАВТОЖОЛ» АҚ ҰК тарапынан осы мердігер ұйымға ақпан айына ұйғарым берілді. Бүгінгі таңда мына «Қазақавтодор» мекемесіне қаңтар айына 74 миллион теңгеге айыппұл салды.

Сондай-ақ...