417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО полицейлері тас жол бойындағы көлік апаттарының алдын алмақ

  • 69
  • UPD: 09:14, 17.02.2021
ШҚО полицейлері тас жол бойындағы көлік апаттарының алдын алмақ

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері заманауи технологиялардың көмегімен тас жол бойындағы автокөлік апаттарының алдын алмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жолдардың ең қауіпті деген учаскелеріне ЛЭД-экрандар орнатылды. Енді жүргізушілер сапарға шықпас бұрын жолдардың жағдайын, қауіп деңгейін, ауа райын біле алады. Ақпарат күн сайын жаңартылып отырады.

Айта кетейік, биыл қаңтар айында 64 жол-көлік оқиғасы болып, 12 адам қайтыс болған.

Дархан Мұқамғалиев, ӘПБ Жол-техникалық инспекциясы бөлімінің аға инспекторы:

Қала сыртындағы жолдардың апаттық-қауіпті учаскелеріне 5 ақпараттық табло орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Оларды орнату орындарын әкімшілік полиция басқармасы аймақтың апаттылығы мен физикалық-географиялық ерекшеліктерін ескере отырып таңдады.

Хабар 24 телеарнасы