414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды

  • 123
  • UPD: 10:43, 17.02.2021
Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қаладағы бірқатар құрылыс нысанын аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады.

Әкімшілік-іскерлік орталығында салынып жатқан тұрғын үйлерде болып, Саттарханов даңғылындағы тұрғын үйлердің сыртқы келбетін ретке келтіру жұмыстарын пысықтады. Кентау – Түркістан бағытындағы Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолы аралығындағы Арыс – Түркістан каналында орналасқан көпірде қызу жүріп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма беріп, құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды.

Аталған аумақта жаяу жүргіншілер жолының да адамдар үшін ыңғайлы, жарық болуы қарастырылған. Атап айтқанда, автокөлік жолынан бөлек 2 метрден жүргіншілер және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус қою қарастырылған. Одан өзге, кіші архитектуралық пішіндер, жарықшамдар, орындықтар, қоршау және қоқыс жәшіктері болады.

Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев Б.Саттарханов даңғылы бойындағы «Желілік саябақ» пен «Түркі бағында» болды. Бүгінгі таңда мұнда үшінші кезеңінің жұмысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта субұрқақтарға арналған орындар бойынша құрылысын бастау үшін жерді ретке келтіру жұмыстары жүзеге асуда. Аумағы 15 гектарды құрайтын демалыс орнында 190 жұмысшы мен 80 техника жұмылдырылған. Ал Түркі бағында арт-қабырғалар орнатылып, құрғақ субұрқақтар салынады. Өңір басшысы атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы орындауын ескертіп, тұрғындардың қолайлылығы үшін барлық қажетті жағдайдың жасалуын талап етті.

Одан соң Түркістан қаласындағы бірегей жоба «Керуен сарай» кешенін аралап көрді. Бүгінде аумағы жасыл желекті, велосипедпен серуен құрып және жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болуы үшін жарықшамдармен, орындықтар, қоқыс жәшігі, сондай-ақ, көгал, су арнасы, тасжол төселу арқылы жаңарған көшеге айналмақ. Өңір басшысы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен «Тұңғыш Президент саябағы» демалыс аймағында жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылады. Кезек күттірмейтін жұмыстарды мерзімінде тапсыруды жүктеді.

Ақпарат көзі: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы