414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны артты

  • 53
  • UPD: 11:06, 17.02.2021
Алматыда жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны артты

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың халық алдындағы есептік кездесуі кезінде ШОБ қолдау шаралары туралы деректер айтылды.

2020 жылы Алматы әкімдігі шағын және орта бизнесті қолдау және оларды қалпына келтіру бойынша дағдарысқа қарсы шараларды жүйелі түрде жүзеге асырды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. Мегаполис тұрғындарымен есептік кездесу барысында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін атап өтті.

Салықтық ынталандыру, несиелендіруді кеңейту, инфрақұрылымды дамыту, өндірісті қолдау және жұмыспен қамтуды сақтау бойынша қабылданған теңдессіз шаралардың нәтижесі жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілері санының 3,6%-ке өсуі болды. Шағын және орта бизнесті несиелендіру көлемі 2020 жылы 1,7 есе өсіп, 1,4 трлн тг асты.

Өнеркәсіп саласында 1,4 мың жұмыс орнын құрумен 39,7 млрд теңгеге 11 жоба іске асырылды, оның ішінде индустриялық аймақта 848 жұмыс орнын құрумен 29,9 млрд тг 4 жоба жүзеге асырылды. Фармацевтикалық препараттарды, медициналық бұйымдар мен техниканы өндіру бойынша медициналық кластер құрылды.

«Алматы Бизнес-2025» өңірлік бағдарламасы аясында 3 шағын өнеркәсіп паркі ашылды, онда кәсіпкерлерге жеңілдікті тарифтер бойынша өндірістік алаңдар беріледі. «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы бизнеске 91 мыңнан астам кеңес және басқа да сервистік қолдау көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы