Tengri Bank-тің бұрынғы басшысы ұсталды

Tengri Bank-тің бұрынғы басшысы Ержан Шайкенов ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат қаржы мониторингі агенттігінде расталды. Экс-банкир таяуда ғана қамауға алынған. Оған қатысты толық ақпарат әзірге жарияланбайды. Себебі тергеу амалдары әлі жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың қараша айында қаржы институтының екі менеджерінің ұсталғаны белгілі болды. Олар шамамен 5 жарым миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінді. Ал бұған дейін банктің өзі жұмыс лицензиясынан айырылған.