Елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 14 адам көз жұмды

Өткен тәулікте коронавирустан 12 адам, вирустық инфекция белгілері бар пневмониядан 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы көрсеткіштерге сүйенсек, елде коронавирусты жұқтырғандар саны азайып келеді. Бір күнде 796 науқас тіркелді. Ең көбі Павлодар облысында. Мұндағы 100 адам қауіпті вирус жұқтырған. Нұр-Сұлтанда 99, Алматы қаласында 91 адамнан, өңірлер бойынша жоғарғы көрсеткіштер Ақмола, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарынан анықталды.