423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

БҚО-да 16 мектеп карантинге жабылды

  • 399
  • UPD: 18:47, 17.02.2021
БҚО-да 16 мектеп карантинге жабылды

Батыс Қазақстан облысында 16 білім ошағы карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл 8 ақпаннан бергі жағдай. Қазіргі уақытта қала бойынша 8 мектеп карантинге байланысты жұмысын тоқтатты. Олардың қатарында бүгін жабылған №7-ші және №24 мектептер де бар. Облыс эпидемиологиялық ахуал бойынша сары аймақта. Соңғы тәулікте 74 адамнан қатерлі індет анықталған.

Виктор Протасов, №7 орта мектебінің директоры:

– 11 сыныптың 2 оқушысы, кітапханашы және информатика пәнінің мұғалімі ауырып қалды. Соған байланысты мектеп карантинге жабылды. Қазір дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл білім ошағында 2 мыңнан аса оқушы бар еді. Қазір барлық сынып үшін сабақтар онлайн өтіп жатыр.     

Мира Қауымбаева, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы:

– 31 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында тікреліп отыр. 31 жағдайдың 19-ы оффлайндық режимде оқитын метептер оқушылары арасында тіркелсе, ал қалдған 9 жағдайда мұғалімдер арасында. Сонымен қатар балабақшалардың жұмысшылары арасында 2 тәрбиешілер арасынан тіркелді. 4 колледж студенттері арасынан тіркеліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы