Ресей Федерациясында шетелдік студенттердің елге келу ережесі өзгертілді

Ресей Федерациясында шетелдік студенттердің елге келу ережесі өзгертілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді бұл мемлекетке барғандар ПТР-тест сынамасын 2 мәрте тапсырады. Елге жеткенше сол мемлекетке барған соң тиісті тексеруден өтеді. Теріс нәтиже көрсетсе, білім беру процесіне жіберіледі. Ресейдің Жоғары оқу орындары коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында осындай қадамға барды. ПТР-тест мерзімі өтіп кетпеуі шарт. Студент зертхана нәтижесі шыққанша карантинде болады. ПТР анықтама орыс немесе ағылшын тілінде ұсынылады.