Туристік нысандар салуға мемлекет қолдау көрсетеді

Шетелдік туристерді тартқаны үшін туроператорлардың шығыны субсидияланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туристік нысандар салуға мемлекет тарапынан көмек болады. Және осы саладағы агенттіктерді лицензиялау жүйесінде біраз өзгеріс болады. Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге туристік мәселелер бойынша өзгеріс енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Депутаттар қолданыстағы заңның мазмұнын жақсартып, жекелеген нормаларын нақтылады. Жұмыс тобына депутаттардан 355 түзету түскен. Бұл түзетулер сарапшы мамандар  мен мүдделі ведомствалардың талқылауына ұсынылған.