419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Былтыр мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 114 мың заңбұзушылық анықталды

  • 81
  • UPD: 15:28, 17.02.2021
Былтыр мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 114 мың заңбұзушылық анықталды

174 лауазымды тұлғаға жалпы көлемде 10 млн-нан астам теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қатарында облыстық басқармалардың 17 басшысы, Тараз бен Қарағанды қалаларының әкімдері, бас шаһардағы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы да бар. Солардың біріне салынған ең жоғары айыппұл көлемі 300 мың теңгеге жуықтайды. Ал бұзушылық қайталанған жағдайда мемлекеттік қызметкердің санаты төмендетіліп, жұмыстан шығарылуы мүмкін.

Мұрат Байсалов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент директорының орынбасары:

- Жергілікті атқарушы органдарға 520 шағым келіп түскен. Жеке және заңды тұлғалардың шағымдары негізінде 266 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 89,6%-і арыз берушілердің құқықтары қалпына келтірілген.

Хабар 24 телеарнасы