Қарағанды облысында тығылып той жасағандар ұсталды

Қарағанды облысының Балқаш қаласында тығылып той жасағандар ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Карантиндік шектеулерге қарамастан тойханаға 100-ден астам адам жиналған.

Әлеуметтік желіге жүктелген мына бейнежазбадан қонақтардың тым-тырақай қашып жатқанын аңғаруға болады. Қолдарына сарқыт ұстаған жұрттың кейбірі тіпті көйлекшең шыққан. Себебі мобильді топ отбасылық мерекенің нағыз қызған шағында келіп, мейрамхана жұмыскерлері тойға келгендерді қосымша есіктен шығарып жібермек болған. Енді той иесі 30, ал тойхана қожайыны 230 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыпұл төлейді.