Теңіз кен орнында эпидахуал тұрақталып келеді

Соңғы тәулікте Атырау облысында 38 адам қауіпті індетке шалдыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Десе де, мұнайлы өңірдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Соңғы тәулікте тіркелген науқастардың көбі Теңіз кен орнындағы жұмысшылар. Бір күннің өзінде 20 адамның ауру жұқтырғаны анықталып отыр. Өткен жылдың сәуір айынан бастап бүгінге дейін Теңіз кенішіндегі 6569 жұмысшы коронавирус жұқтырыпты. Қазір ондағы инфекциялық стационарда 241 адам ем қабылдап жатыр.