426,43 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл елімізде қайырымдылық шараларына басымдық беріледі

  • 206
  • UPD: 15:45, 17.02.2021
Биыл елімізде қайырымдылық шараларына басымдық беріледі

Үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға жәрдем береді.

Бүгін азаматтық секторда жұмыс істейтін белсенділер бас қосып, мұқтаж жандарды қолдауға бағытталған жобалардың тұжырымдамасын талқыға салды. Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту барысында көңіл көтеру шараларына емес, мақсаты қайырымдылық болып табылатын акцияларға басымдық берілмек.

Айта кетейік, қазір елімізде 22 мың қоғамдық ұйым тіркелген. Азаматтық секторда барлығы 24 мың адам қызмет етеді.Олардың 34%-і мұқтаж жандарға көмектесумен айналысады. Жиынға келушілердің айтуынша, соңғы жылдары бұл ұйымдардың ықпалы едәуір артқан. Түрлі саладағы маңызды шешімдер осы мекеме өкілдерінің қатысуымен ғана қабылданады.

Бахтияр Мәкен, қала әкімінің орынбасары:

- Биыл білесіздер, біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай көптеген шаралар бастап жатырмыз. Бірақ шараларды тек қана үлкен үлкен той-томалақ емес, маңызды қайырымдылық акциялары арқылы көмек ретінде, әлеуметтік көмек ретінде сондай мақсатта тұжырымдаманы бекітіп отырмыз. Тұжырымдаманың басты мақсаты – 30 ізгі қайырымдылық іс ретінде соны біз бастап отырмыз.

Болат Тілепов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары:

- Ел-жұрттың тұрмысын жақсартып, өмір сүру сапасын көтеру үстінде азаматтық күштердің үлесі де, салмағы да ерекше. Бұл ретте негізгі басымдықты бірқатар маңызды бағытқа берген дұрыс. Біріншіден, білім беру мен тәрбиені жетілдіру, мектеп жасындағы балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, кәсіби бағдар беру сынды тағы басқалар қоғамдық ұйымдар үшін ерекше ден қойып, мақсатты шаралар жүргізетін дүниелер.

Хабар 24 телеарнасы