419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысы Созақ ауданына газ жеткізіледі

  • 104
  • UPD: 09:54, 18.02.2021
Түркістан облысы Созақ ауданына газ жеткізіледі

Биыл Түркістан облысындағы Созақ ауданының орталығына газ кіргізіледі. Шолаққорған ауылының тұрғындары осы уақытқа дейін от жағып, күл шығарып келді. Енді ауыл жұрты «ауыр бейнеттен құтылатын болдық» деп қуанып отыр.

Жалпы Созақ ауданына магистральды газ құбырын тарту жұмыстары осыдан екі жыл бұрын басталған еді. Былтыр аталған жобаға 610 млн теңге қаржы бөлінді. Биыл аудан орталығына дейінгі газ құбырының құрылысына 1 млрд 100 млн теңге қаралып отыр.

Салаға жауапты мамандардың айтуынша, магистралды газ құбыры мен автоматты газ тарату станциясының құрылысы өндірістік кестеге сай жүргізіліп жатыр. Жыл соңына қарай аудан орталығындағы 2 мыңнан астам абонентті көгілдір отынға қосу жұмыстары басталады. Келесі жылы Шолаққорған ауылының тұрғындары толық газбен қамтылады.

Салыхан Полатов, Созақ ауданының әкімі:

- Шолаққорған ауылының ішкі жүйелеріне былтыр 100 млн теңге бөлінді. Биыл 1 млрд теңге қаралып отыр. Биыл Шолаққорған ауылының ішкі жүйелерінің жұмысы басталады. Осы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Хабар 24 телеарнасы