Жұрт электронды темекі сапасына апта сайын шағымданады

Елімізде сатылатын кейбір электронды темекінің сапасы сын көтермейді.

«Оларды сараптайтын арнайы ереже қажет», - дейді Ұлттық тұтынушылар лигасының президенті Светлана Романовская.

Айтуынша, тұтынушылар лигасының жедел желісіне аптасына 70-тен аса адам хабарласып, электронды темекіге арызданады. Тұрғындардың көбі табакты қыздыратын құрылғының сапасын сынға алады екен. Мысалы, электронды темекі құрылғысының қуаттау кезінде жарылып кеткен кезі де болыпты. Интернет дүкен арқылы Қытайдан сатып алынған бұйымның арнайы сертификаты да жоқ.

Айта кетейік, сарапшылардың мәліметінше, елімізде 400 мыңнан астам адам шылымнан бас тартып, электронды темекіге ауысқан.

Светлана Романовская, Ұлттық тұтынушылар лигасының президенті:

- Бізде қазір міндетті сертификат жоқ. Электронді темекіге арналған міндетті сертификаттың болуын талап етеміз. Себебі ол да қоршаған ортаға, адамның денсауылығына зиянды зат. Қауіпсіздік тек техникалық ережеге тікелей байланысты. Ол ереже жасалған. Кәсіпкерлер мен тұтынушылармен келісілген. Тек қабылдаса жеткілікті.