Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азамат ұсталды

Қызылордалық полицейлер жеңгетайлықпен айналысқан азаматты ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген бір азамат анықталды. 16 ақпан күні облыс орталығындағы сауналардың бірінің 24 жастағы меңгерушісі пайда табу мақсатында саунаға келген тұтынушыға жеңіл жүрісті қызды ұсынып, жеңгетайлықпен айналысқан.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.