Қазақстан мен БАӘ, Түркия арасындағы рейстер саны көбейтіледі

15 ақпандағы ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес республика аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша «SCAT» әуекомпаниясының аптасына 8 рейс орындауына рұқсат етіледі.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды қалаларынан Рас-эль-Хайм қаласына (БАӘ) қатынайды (жолаушылардың барлығында COVID-19 теріс ПТР-тесті анықтамасы болуы керек).

Сонымен қатар жоғарыда аталған шешімге сәйкес түрік авиатасымалдаушыларына Алматы мен Анталия қалалары арасында қосымша 2 рейс орындауға рұқсат етілген.

«Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау және авиакомпаниялар сайттарында жарияланған кестеге сәйкес қатаң орындалатын болады», - делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.