Жалған шот-фактура жазған ақтөбелік мемлекетке 650 млн теңге залал келтірді

Ақтөбе тұрғыны мемлекетке 650 млн теңгеден астам залал келтірген.

ҚР ҚМА Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 2017 жыл мен 2019 жылдар аралығында Ақтөбе облысы аумағына тауарларды жеткізуге қатысты қызметтерді іс жүзінде жүргізбей жалған шот-фактураларды заңсыз жазумен айналысқан азаматшаның іс-әрекетін әшкереледі.

«Ақтөбе қаласының тұрғыны 2017 жылы 9 фирма құрып, өз атына ЖШС ретінде тіркегені, ҚҚС төлеуші ретінде есепке қою арқылы заңды тұлғаны тіркеу рәсімінен өткені және екінші деңгейлі банктерде банктік шоттар ашқаны, өз ЖШС арқылы ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыратын контрагенттерді іздегені анықталды», - делінген хабарламада.

Заңсыз кәсіпкерлік қызметтерінен мемлекетке келтірілген залалдың көлемі 650 млн астам теңгені құрады.

Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен көрсетілген азаматша ҚР ҚК 216-бабы 3-б. қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және 10 жыл ішінде коммерциялық ұйымдарда басқарушы лауазымдарда жұмыс істеу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ақпарат көзі: ҚР ҚМА баспасөз қызметі