Биыл су тасқыны Қарағанды облысын айналып өтуі мүмкін

Қарағандыда биыл су тасқыны болмауы мүмкін.

Себебі мамандардың айтуынша, далада қар мөлшері жылдағы көрсеткіштен анағұрлым аз. Дегенмен, босаңсуға болмайды. Наурызда боран соғып кетуі де ғажап емес. Қазір гидрологтар төтенше жағдай қызметімен бірлесіп облыс аумағына түскен қар мен ылғалдың көлемін өлшеп жүр. Бұған қоса соңғы екі жылда өңірде 10 бірдей су өлшейтін бекет ашылған. Өзен-көлдің маңындағы 174 елді мекен бақылауға алынып, 22 шақырым бөгет салынған. Шамамен 9 шақырымға жуық өзен арналары тазартылыпты.

Нұрлан Шақарбаев, «Қазгидромет» мекемесі облыстық филиалының директоры:

- Биылғы жылы қауіп жоқ. Олай дейтін себебіміз бір жыл бойы түскен қар, ылғал, күздегі жердегі тоңның қалыңдығы, оның барлығын есептеп шығарып отырамыз. Биылғы жылы келетін судың көлемі былтырғыдан 20-30 процентке төмен болады.