СҚО-да ауа райына байланысты жолдар жабылды

Солтүстік қазақстан облысында ауа райы күрт бұзылды. Осыған байланылсты Ақмола және Қостанай облыстарымен шектесетін  Айыртау, Ғабит Мүсірепов, Тимирязев және Шал Ақын аудандарында барлық көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Мұнымен қоса Жезқазған – Петропавл республикалық маңызы бар трассасы жабылды. Қазір бұл аймақта сегіз арнайы техника қар аршу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мамандардың мәліметше ақ түтек бораннан көру қашықтығы нашарлаған.

Мұрат Қанғожинов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Біздің мамандар мониторнг жасап отыр. Қазір ауа райы Жамбыл, Мағжан Жұмабаев аудандарында да нашарлауда. Облыс орталығында да боран көтеріліп, күн суытады деп күтілуде. Сондықтан өңір тұрғындарын алыс жолға шықпау керектігін ескерткім келеді.

Сондай-ақ...