Қарағандыда «Спутник V» вакцинасының өндірісі іске қосылды

Қарағанды қаласында «Спутник V» вакцинасының өндірісі іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан мен Ресей үкіметтері аталған вакцинаны елге жеткізу туралы келісімге келді. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуінде айтты. Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастық пен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

«Өзара уағдаластықтар мен тапсырмаларды орындау мақсатында екі ел үкіметтері бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, нақты шешімдер қабылдап жатыр. Биыл Көкшетау қаласында Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізу туралы келісім жасалды. Ал оны өткізу формасына қатысты нақты шешім эпидемиялық жағдайға байланысты қабылданады», - деді Қазақстан Президенті. Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамытуға және оның әлеуеті мен беделін нығайтуға қатысты барлық ұсыныспен келісті. Президенттер аталған интеграциялық бірлестікке қатысты мәселелерді шешу үшін өзара тығыз байланыста жұмыс істеуге уағдаласты. Тараптар халықаралық нарықтағы бүгінгі үдерістер мен сын-қатерлерді ескере отырып, энергетика саласындағы бірлескен жұмыстарды жалғастыратын болды. Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастық пен Еуразиялық интеграцияның негізгі проблемаларына қатысты екі елдің ұстанымдары мен көзқарастарының сәйкес келетініне көңілдері толатынын айтты.