Мәжіліс депутаттары Бас прокуратура ұсынған цифрлық жобаларды көрді

«Әкімшілік өндірістің біріңғай тізілімі», «Электрондық өтініштер» сияқты жобалар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға арналған.

Сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етіп, бақылау мен қадағалаудың сапасын арттырмақ. Көшпелі отырыста депуттар аталған жобалардың бизнес субъектілер мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау үшін маңызды екенін айтты.

Павел Казанцев, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

- Біз үшін тек сапалы заңдарды әзірлеу мен қабылдау маңызды емес. Қабылданған заңдардың қалай жұмыс істейтіні және тиімділігі де маңызды. Сондай-ақ азаматтарды қорғау, мемлекеттік органдардан түсетін өтініштерді сапалы қарау, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері әрдайым Мәжілістің назарында болады. Мемлекет басшысы да осы мәселелерге ерекше көңіл бөліп, заң шығару қызметіне үнемі бастамашылдық жасап, бағыт-бағдар беріп отыр.