ТЖД: Қостанай облысындағы жеке тұрғын үйлерде өрт жиілеп кетті

Қостанай облысындағы жеке секторларда өрт жиілеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан бері пеш және газбен жылынатын баспаналарда 104 рет өрт оқиғасы тіркелген. Бұл былтырғы кезеңмен салтырғанда 16%-ке көп. Тілсіз жау көбінесе пешті дұрыс қолданбаудың және мұржалардың бітеліп қалуынан шығады. Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында құтқарушылар үй-үйді аралап, құрылғылардың жарамдылығын тексерді. Тұрмыс жағдайы төмен жанұяларға улы газды анықтайтын дабыл құралы орнатылды. Былтыр облыста 6 адам иіс тиіп көз жұмған.

Алмас Төлендин, ТЖД басқарма бастығы:

- Жылыту маусымы басталғалы облыс аумағында 783 датчик орнатылды. Бұл ретте демеушілер көмегін аямай жатыр. Басымдық әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға беріледі. Қазірдің өзінде бір күнде 10 шақты үйді аралап, дабылдағыштармен қамтып жатырмыз. Оның қалай істейтінін көрсетіп, үйретеміз. Қауіпсіздік ережелерін түсіндіреміз. Пештің ақауын тексеріп, мұржаларды тазартамыз.