Құрманғазы ауданында вакциналаудың бірінші кезеңі аяқталды

Атырау облысындағы Құрманғазы ауданында ковидке қарсы екпенің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бөлінген 60 вакцина алдымен тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста болатын дәрігерлерге салынды. 58 мың тұрғыны бар Құрманғазы ауданына 77 дәрігер 144 орта буынды медицина қызметкері бар. Пандемия кезінде ауданда 130 науқас тіркеліп, барлығы дерлік жазылып шыққан. Қазіргі таңда аудандық ауруханада 10 науқас ем қабылдап жатыр. Індеттің алдын алу мақсатында мектептерде сабақ онлайн өтеді.

Нұрғиса Қайратұлы, аудандық аурухана басшысының орынбасары:

- Осы аудан бойынша өзім төртінші болып алдым. Бәрімізде де осы вакцианға реакция мүлдем болмады деп айтуға болады. Яғни, бәрі де жақсы көтерді. Енді бұйырса, 23 ақпанда екінші мәрте аламыз. Келесі кезекте мұғалімдер деп жоспарлануда. Оны Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы айтатын болар, уақытын.