417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде бұралқы иттерді ұстауға бөлінетін қаржы көлемі артты

  • 74
  • UPD: 22:05, 18.02.2021
Елімізде бұралқы иттерді ұстауға бөлінетін қаржы көлемі артты

Бұралқы иттерді ұстап, жою үшін бюджеттен бөлінетін қаражат көлемі 53%-ке артты.

Бұл туралы бүгін жануарлар қорғаушысы Лилия Сәрсенова мәлімдеді. Алайда қомақты ақша берілгеніне қарамастан, соңғы бір жылда бұралқы иттердің саны 21%-ке көбейген. Яғни қолданыстағы жүйе тиімсіз екені байқалады. Лилия Сәрсенова жануарларды жоймай, керісінше, ұрықсыздандырып, қайтадан далаға жіберуді ұсынып отыр. Дамыған елдерде бұл тәжірибе көп уақыт бойы қолданылып келеді әрі жақсы нәтиже көрсетті. Ол үшін 3-5 жылдық бағдарлама қабылдаған жөн. Қазір жануарларды қорғаушылар заңға тиісті өзгерістер енгізуге атсалысып жатыр. Оған сәйкес ит пен мысықтарға зорлық-зомбылық жасайтындарға қатысты қылмыстық іс қозғалады. Үй жануарларына дұрыс қарамайтындар да жауапқа тартылады.

Лилия Сәрсенова, «Inucobo жануарларды қорғау қауымдастығы» ЗТБ басшысы:

- Жануарларға зорлық-зомбылық жасайтындарға қатысты жазаны қатаңдатумен қатар заңды қайта қарастыру қажет болып тұр. Қазір қолданыста 300-ден астам нормативтік құқықтық акті бар. Олардың барлығы бір-біріне қарама-қайшы келеді. Бұл нормаларды біріктіріп, бөлек құжат әзірлеу керек. Жануарларға арналған баспаналарды да заң жүзінде рәсімдеген жөн.

Хабар 24 телеарнасы