419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде дзюдодан жастар арасында ел біріншілігі өтіп жатыр

  • 78
  • UPD: 22:52, 18.02.2021
Ақтөбеде дзюдодан жастар арасында ел біріншілігі өтіп жатыр

Жарыста топ жарып, көзге түскендер ұлттық құрамаға қабылданады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Татами бәсекесіне еліміздің барлық өңірінен балуандар келді. 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы чемпионатқа 700-ге жуық балуан жиналған. Санитарлық талаптарға сәйкес жарысты онлайнда әлеуметтік желілер арқылы тамашалауға болады. Біріншілікке қатысып жатқан спортшылар мен төрешілер, бапкерлер ПТР-тестілеуден өтіп, тиісті анықтама алды. Төрт күнге созылатын жарыста 16 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болады.

Самат Жылқыбаев, Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры:

- Соңғы Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы 8 алтын, 7 күміс медальмен Азия құрлығында командалық есепте бірінші орын алғанбыз. Әлем чемпионатында 2019 жылы өздеріңіз білесіздер, Алматыда өткіздік. Ол кезде төрт медаль болды. Бір алтын, екі қола, бір күмісіміз болды. Жасөспірімдеріміз шын мәнінде бізді жақсы қуантып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы