414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейлік жас маман сал ауруына шалдыққан балалардың аяғынан тұруына көмектесіп жүр

  • 35
  • UPD: 09:38, 19.02.2021

Ол әрбір науқасқа арнайы жеке емдік бағдарлама таңдап, жаттығу жасатады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның осындай 7 жылдық тынымсыз еңбегінің нәтижесінде 50-ден астам жас жеткіншекке ем қонып, өз бетімен жүре бастаған.

Семей қаласының тұрғыны Айнагүл Тастенова 5 жастағы аурушаң ұлын Даниярға 4 жыл бұрын алып келіпті. Бала ол кезде жүрмек түгілі арқасын тік ұстай алмаған. Бұл күнде Әлиханның жағдайы семейлік жас маманның арқасында айтарлықтай жақсарды.

Айнагүл Тастенова, қала тұрғыны:

– Иә, осы Даниярдың арқасында Әлиханым аяғынан тұрып, жүре бастады. Елордаға дейін барып, түрлі дәрігерлерге көріндік. Одан еш нәтиже болмады. Сондықтан ешқайсысы Даниярға жетпейді деп нық сеніммен айта аламын.

Нұсқаушымен жаттығу айына 10-15 рет өтеді. Жас маман күніне 12 адамды қабылдайды екен. Емдік дене шынықтыру курсы 1 жылдан 5 жылға дейінгі аралықты қамтуы мүмкін. Сондықтан Данияр келем деушілердің барлығын қабылдай алмайды.

Назым Тұрлина, қала тұрғыны:

- Адамдар мұнда келу үшін алдын ала жазылады. Кестесі өте тығыз. Алғаш қоңырау шалғанымызда жарты жылдан кейін ғана қабылдай алатынын айтты. Біз дегенімізге жетіп, Даниярдың алдына ақыры келдік. 9 айлық нәресте былқ-сылқ етіп, мойнын ұстай алмайтын. Дәрігерлер сәбиімнің болашақта еңбектемейтінін, отырып, жүре алмайтынын жеткізгенде жанымды қоярға жер таппадым. Жерлесіміздің емдік дене шынықтыру курсынан кейін балам басын тік ұстап, бір шетіне аунап түсе алатын болды.

Данияр әр баланы жеке бағдарлама бойынша емдейді. Өткен 7 жылдың ішінде ол 50-ден астам жеткіншектің аяғынан тұруына көмектескен.

Данияр Болатов, емдік дене шынықтыру бойынша нұсқаушы:

- Біздің мақсатымыз – бұл баланы максималды түрде толық дені сау бала қылу, жалпы реабилитацияның мәні сонда. Әрбір балаға біз жеке бағдарлама тағайындаймыз. Бала егер ерте жасынан қаралатын болса, бұл баланың мүмкіндігі әлдеқайда зор.

Емдік дене шынықтыру бойынша нұсқаушы 30-дан астам құрал-жабдықты пайдалану арқылы 100-ден аса жаттығу түрін жасатады. Ол жылына 10 баланы аяғынан тұрғызады екен.

Ардақ Айбарұлы, Әсем Өтешева, Медет Өмірханов

Хабар 24 телеарнасы